Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлының тапсырмасымен алда келе жатқан қасиетті рамазан айына дайындық жұмыстарын пысықтау мақсатында «Қазыбек би» мешітінің имамы Ысқақ Рахимбекұлының ұйымдастыруымен арнайы жиын болып өтті.
Мешітке қарасты дін қызметкерлерінің қатысуымен өткен дөңгелек үстел барысында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен рамазан айы қарсаңында өткен дәстүрлі Төралқа мәжілісінде қаралған мәселелер мен соңғы шыққан пәтуалар ортаға салынды. Сонымен қатар, ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамының тарапынан жүктелген тапсырмалары талқыланды.
Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер