Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінде Ұлытау облысының имамы Елдос Қуандықұлының қатысуымен «Ислам және ізгі қоғам» тақырыбы аясында уағыз-насихат кеші болып өтті.
Мешіт имамы Ысқақ Рахимбекұлының ұйымдастыруымен жүзеге асқан шара барысында алда келе жатқан қасиетті рамазан айына қатысты әсерлі насихат жүргізілді.
Жамағаттың бірлігі мен ауызбіршілігін нығайту мақсатында өткен рухани кеш барысында мешіт жамағатына дастархан жайылды. Сондай-ақ, рухани отырысқа қатысушылардың көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап берді.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызмет.
Пікірлер