Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Балқаш жамағаты рухани сайыста бақ сынасты
14 наурыз, 2023 жыл 50 Басып шығару нұсқасы

   Балқаш қалалық мешітінің  имамы Қалдарбеков Нұрболат Сейлханұлының  ұйымдастыруымен  алда келе жатқан қасиетті Рамазан айының құрметіне орай мешіт жамағаты арасында рухани сайыс болып өтті. 

Сайысқа ер және қыз балалардан құралған жас жеткіншектер мен мешіт жамағаты қатысты

Берекелі айдың құрметіне орай жүзеге асқан дода жоғары деңгейде ұйымдастырылып, жеңімпаздарға ынталандыру сыйлықтары мен мадақтамалар табысталды. 

Жүзден жүйрік атанып, бірінші орынды қанжығасына  байлаған Айғазы Мадина 100 (жүз мың) теңге;

Екінші орынды Ақатаев Бекмұрат ағамыз 60 ( алпыс мың) теңге;

Үшінші орынды   Боранқұл Сәлсәбил  қарындасымыз 40 ( қырық мың)  теңгемен  месе тұтты.

Шара соңында Балқаш қалалық мешітінің имамы Қалдарбеков Нұрболат қатысушыларға  зор алғысын айтып,  батасын берді. 

 

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары