Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Абай ауданында дін мен дәстүр дәріптелді
13 наурыз, 2023 жыл 63 Басып шығару нұсқасы

   Қарағанды облысы, Абай аудандық орталық мешітінде «Дін мен дәстүр» бағытының Қарағанды облысы бойынша жауапты маңгерушісі Бақдәулет Қыдырбайұлының ұйымдастыруымен рухани шара болып өтті.

Аудан имамы Асхат Қанайұлының мұрындық болуымен өткен шара барысында мешіт жамағатына ата-дәстүр салтымыздың дінмен сабақтастығы насихатталды. Қазақтың тәрбие танымдық, әдет ғұрпы, ұлттық ойындары, ұмытылып бара жатқан ежелгі үрдістері дәріптелді.

«Дін мен дәстүр сабақтастығын дәріптеу – біздің бес бағыт бойынша бекіткен жұмыстарымыздың бірі. Имамдарымыз дін мен дәстүрді қоғамға көбірек насихаттауға күш салу керек. Өйткені, біздің дініміз бен әдет-ғұрпымыз ізгілік пен игілікке үндейді»,-деп атап өтті мешіт имамы Асхат Қанайұлы.

Шара соңында,   Қарағанды облыстық  «Әнет баба» мешітінен арнайы келіп, мешіт жамағатына  дін мен дәстүр  аясында тәрбие танымдық шара өткізген  Бақдәулет Қыдырбайұлына мешіт имамы өз алғысын білдіріп, ризашылығын жеткізді. 

 

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары