Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Бас имам «Бала қажы» мешітінде жұма намазын өткізді
11 наурыз, 2023 жыл 241 Басып шығару нұсқасы

   Қарағанды облысының бас имамы Әбдіғали Естай Айтуғанұлы аймаққа қарасты «Бала қажы» мешітінің жамағатымен жүздесіп, жұма намазын өткізді.  

Мешітке жиылған жамағатқа Отанды қорғау, туған елдің қадірі, ымыра мен ынтымақтастық, бірлік пен татулық туралы уағыз айтты.

Жұма намазынан кейін жергілікті халықпен тілдесіп, жұрттың көкейіндегі сауалдарға жауап берді. Мешіт жамағаты Бас имаммен сұхбат барысында аймақтағы діни ахуал жайында өз ой-пікірлерін айтты.

Одан кейін, «Шариғат және пәтуа» бөлімінің жауапты маманы Юсуфбек Шұғайұлы   «Пәтуа сағатын» ұйымдастырып, жиналған жамағатқа ҚМДБ ғұламалар кеңесінде қабылданған пәтуаларды жіті таныстырды. Сондай-ақ, қала тұрғындары мен мешіт жамағаты білікті дін маманынан көкейлерінде жүрген діни сұрақтарға жауап алды.

Жамағат арасында өрбіген сұхбаттан кейін бас имам ел амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасады.      

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары