Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Әйел жамағатына «Рамазанға дайындық» тақырыбында уағыз айтылды
07 наурыз, 2023 жыл 87 Басып шығару нұсқасы

   Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінде әр жұма сайын әйел жамағатына арналған уағыз сағаты «Рамазанға дайындық» тақырыбында жалғасын тапты.

Мешіт имамы Махмұд Нұрұлының тапсырмасымен жүзге асқан шара барысында әйел жамағатына мешіт ұстазы әрі "Әйел қыздар" секторының жауапты меңгерушісі Бақытгүл Айтқалиқызы уағыз-насихат айтты.

Айлардың сұлтаны Рамазанға мұсылман баласы, соның ішінде, әйел жамағатының дайындығы қандай болуы керектігін, жалпы бұл айда ауыз бекітуден бөлек қандай абзал амал-әрекеттерге мән беру қажеттігін, қасиетті айдағы нәпсі тәрбиесі мен көркем мінезге қол жеткізу жолдарын тәптіштей түсіндірген ұстаз уағызы жамағатқа ерекше әсерлі болды.

Уағыз соңында әдеттегідей жамағат сұрақтарына кезек беріліп, түрлі тақырыптар бойынша жауап қайтарылып, сұрақ-жауап ойыны ойнатылды. 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары