Қарағанды облысына қарасты Теміртау қалалық «Жақып Ақбай» мешітінің имамы, теолог, РАНТ мүшесі Жанболат Жұматұрұлы «Әлихан Бөкейхан» атындағы орталық мешіттің жамағатымен кездесіп, жұма намазын өткізді.
Қасиетті жұма күні мешітке жиналған жамағатқа «Алланың разылығын қалай табамыз?» тақырыбында уағыз - насихат айтты.
Жұма намазынан кейін мешіт жамағатымен бірге ел амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасады.
Артынша жамағаттың тарапынан туындаған бірнеше сұрақтарға жауап беріліп, пәтуа сағаты өткізілді.
Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер