Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінің ұстазы Қалмағанбетов Нұржан Оңғарұлына мешіт шәкірттері Ұмра қажылығына жолдама тарту етті.
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға», - деген ұстаныммен ұстаздық қызметін атқарып келе жатқан Нұржан ұстаз бүгінде шәкірттерінің алғысына бөленіп үлгерген. Бірлігі жарасқан жамағат мешіт дастарханында бас қосып, ұстазға игі тілектерін жеткізді. Өз тарапынан құрметке бөленген мешіт ұстазы игі істі жүзеге асыруға мұрындық болған шәкірттеріне алғысын айтып, ризашылығын білдірді. Мешітт имамы Махмұд Нұрұлы ұстаздың алдағы ұлы сапарына береке тілеп, батасын берді.
Пікірлер