Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Студенттермен «Дін және ізгі қоғам» тақырыбында кездесу өтті
15 ақпан, 2023 жыл 133 Басып шығару нұсқасы

   Шахтинск қаласының "Нұр" мешітінің имамы Ибраев Әсет Наурызбайұлы  Шахтинск технологиялық колледжінің студенттерімен «Дін және ізгі қоғам» тақырыбында кездесу өткізді.

Шараға сондай-ақ, дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері қатысты.

Кездесуде аймақтық мешіттің имамы  Әсет Наурызбайұлы оқушыларға ислам діні, оның рухани құндылықтары, дәстүрлері және біздің қоғамға әсері туралы толығырақ айтып берді. Әңгімелесу форматында діни және құқықтық сауаттылық мәселелері, радикалды идеологияға қарсы иммунитетті қалыптастыру мақсатында талқылау өтті.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

www.ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары