Қарағанды облысына қарасты Ақтоғай аудандық орталық мешітінде «Ислам тарихы» пәнінен дәрістер басталды.
Әр күні құптан намазынан кейін мешіт имамы Сүйіндік Асхат Төлеуқұлұлы құлшылық ордасына жиналған жамағатқа арнайы дәріс жүргізуде.
Мұндай дәрістердің жамағатты шыңдауға үлесі зор. Жамағат дәрістерге ынталы әрі белсенді түрде кірісіп, жақсы қабылдап, білім алуға деген құлшынысы артқанын айтуда.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
www.ihsan.kz
Пікірлер