Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Шәкірттер Үштөбе медресесіне тазалық жұмыстарын жүргізді
06 ақпан, 2023 жыл 229 Басып шығару нұсқасы

 «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен Қарағанды облысы, Үштөбе ауылдық мешіті медресесіне тазалық жұмыстары жүргізілді. 

Өздеріңіз білетіндей аталмыш аймақта төрт қабатты  медресе ғимаратының қабырғасы бой көтерген болатын. Құрылысы аяқталып, ашылуға таяу қалған ғимаратқа тазалық және сенбілік жұмыстарын ұйымдасыру мақсатында «Әйел-қыздар» жамағаты шәкірттер қауымын жұмылдырған болатын. 

«Тазалық - иманның жартысы, ораза - сабырдың жартысы» деген қағиданы басшылыққа алған медресе ұстаздары мен шәкірттері қоғамдық іске бірге белсене араласты.

Шара соңында дастархан жайылып, шәкірттер мен еріктілер тобы ақ дастархан басында бас қосты. Сауапты шараға алғаш болып келген шәкіртке кітап сыйға тарту етілді. Отырыс барысында викториналық сұрақтар қойылып, сыйлықтар үлесірілді.  

Айта кетейік, игі шараға Қарағанды облыстық "Әнет баба" мешіті бастаған қалалық "Әл Машани", "Қазыбек би", "Бала  қажы"  мешіттіерінің шәкірттері жұмыла ат салысты.

Қарағанды облысының баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары