Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Құранға түскен шәкірттерге сертификат табысталды
06 ақпан, 2023 жыл 73 Басып шығару нұсқасы

   Қарағанды облысы, Абай аудандық орталық мешітінің  діни сауат ашу курсына қатысып, Құранға түскен әйел-қыздар жамағатына  арнайы сертификат табысталды.

Марапаттау рәсіміне арнайы шақырылған Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің ұстазы Арай Серғалиқызы  білім қуған шәкірттерге дініміздегі білім алудың орны мен Құран оқып-үйренудің шарапаты туралы уағыз айтты.

Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен қыз-келіншектер мен аналарымыздың білімді болып, Құранды еркін оқып, түсіне алуы келешек ұрпақтың тәрбиелі, иманды, көреген болып өсуіне үлкен септігін тигізетінін атап өтті.

Іс-шараны ұйымдастырып, бас-қасында жүрген Абай аудандық мешітінің ұстазы Дюсенбай Ақбота Қайратқызы  білім алған шәкірттерге алғыс білдіріп, олардың білім сапарына сәттілік тіледі. Сондай-ақ, дініміздегі білім алушылардың артықшылығы туралы айтты.

Шара барысында берекелі дастархан жайылып, әжелер қауымы ақ батасын берді. 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары