Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Карагандинский мясокомбинат №1» сертификатын жаңартты
03 ақпан, 2023 жыл 113 Басып шығару нұсқасы

   Мекемеге арнайы тексеріс жұмыстарын «Халал» Даму ЖШС-ның технолог мамандары жүргізді. Мекеме «мал бауыздау» және «ет өңдеу», «Халал» өнімдерін өңдеуге, «дайындауға», «сақтауға», «тасымалдауға» және «сатуға» қойылатын барлық талаптар стандартына сай екені расталды. Арнайы сертификатты Қарағанды облыстық "Әнет баба" мешітінің наиб имамы Дархан Асылтайұлы табыстады.

Құс еті мен еттен шұжық өнімдерін өндіретін кәсіпорын өндірісте инновациялық тәсілдерді қолдану арқылы  жоғары сапалы, сұранысқа ие өнімдер өндіріп, көпшілік тұтынушылардың көңілінен шыға білді.  Барлық технологиялық кешен жоғары халықаралық стандарттарға сәйкес келеді.

 «Карагандинский мясокомбинат №1» шұжық өнімдері толықтай тексерілгендігін және "QMDB Halal" стандарты талаптарына сай екендігін хабарлаймыз!

Қарағанды облысы бойынша  баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары