Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Ерлі-зайыптылардың арасындағы үйлесімділік» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
30 қаңтар, 2023 жыл 197 Басып шығару нұсқасы

   Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Қоныскерей Құмар Қарағанды және Ұлытау облысының мамандандырылған күзет қызмет басқармасының ұйымдастыруымен  өткен шарада «Ерлі-зайыптылардың арасындағы үйлесімділік» тақырыбында уағыз-наисхат айтты.

Дөңгелек үстелге отбасы мүшелері қатысып, исламдағы отбасы мәселелеріне қатысты насихатпен сусындады. Мешіт наиб имамы жиналған қауымға отбасындағы ер мен әйелдің орны, бала тәрбиесі, қазақы тәрбиенің маңызы сынды тақырыпта түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, дөңгелек үстелге қатысушылар көкейлерінде жүрген маңызды сауалдарына жауап алды.

Қарағанды облысының баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары