Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Балқашта «Бір айда бір кітап» жобасы насихатталды
23 қаңтар, 2023 жыл 48 Басып шығару нұсқасы

   «Кітап білім бұлағы, білім өмір шырағы»  деп, ата-балаларымыз  айтып кеткендей, жастардың  білімді, қабілетті   әрі,  зерек  болып өсуі үшін  кітаптың пайдасы өте көп. Осы орайда, Балқаш қалалық  мешітінің наиб имамы Айтқазин  Рауан  саналы ұрпақ, сауатты   жастарды  қалыптастыру мақсатында  «Бір айда бір кітап»  жобасы  аясында  Балқаш қаласының  Сәкен Сейфуллин  атындағы  орталық  кітапханасында жастарға дәріс оқыды.

«Әр ұлттың өзінінің  салт-дәстүр, әдет-ғұрпы мен өз ана тілі және мәдениеті бар. Адам өмірге келгеннен  кейін адам  болып  қалыптасуы  үшін  осы негіздерге сүйене отыра өмір сүреді.  Ал мұндай  үлгінің тек кітап арқылы ғана жазылып сақталатыны белгілі.   Кітап оқыған адамның санасы ашылып, сауаты артады»,-дей келе, Балқаш қалалық  мешітінің наиб имамы Айтқазин Рауан жастарды кітап оқуға шақырды.

 

Қарағанды облысының баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары