Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Қарағандыда «Әйел-қыздар» секторы жылдың жұмыс жоспарын бекітті
23 қаңтар, 2023 жыл 151 Басып шығару нұсқасы

   Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде  «Әйел– қыздар» секторының  2023-жылға арналған жиыны болып өтті.  

Жиынды сектордың Қарағанды облысы бойынша жетекшісі Бақытгүл Айтқалиқызы жүргізді.  Басқосу барысында облысқа қарасты қалалық мешіттің ұстаздары сектор тарапынан жыл бойына атқарылатын жұмыс бағытын талқылап, іс-шаралар жоспарын бекітті.  Әр бағыт аясындағы жұмыстарға ерекше тоқталып, ұстаздарға арнайы тапсырмалар берілді. Атап айтқанда,  «уағыз-насихат», «сауат ашу», «қайырымдылық» бағыттары аясында бірнеше жоспарлар жүйеленді. Сектордың жауапты жетекшісі, ұстаз Бақытүл Айтқалиқызы бағыттарды жеке-жеке жіктеп түсіндіре келе, оны жетілдіру мақсатында атқарылуы керек іс-шараларды баяндады.  

Одан өзге, жиналыс қортындысында ұстаздар жыл аясындағы атқарылған жұмыстарға байланысты ұсыныс-пікірлерін білдірді.  

Қарағанды облысының баспасөз қызметі      

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары