ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Әбдіғали Естай Айтуғанұлының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Тегін такси» қайырымдылық акциясына «Қазыбек би» мешіті жамағаты үн қосты.
Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінен бастау алған игі шарадан Қазыбек би мешітінің дін қызметкерлері мен жамағаты тыс қалмады. Шара барысында Күнгей ықшам ауданының тұрғындары мен қонақтарына тегін қызмет көрсетілді. Қайырымдылық акциясының басты мақсаты күннің аязында тұрғындарға жәрдем көрсетіп, қолдау білдіру.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер