ҚМДБ-ның Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінің имамы Нуров Махмуд қажы Нурұлы Ислам дінінің өркендеуі жолында қажырлы қызмет атқарып жатқан мешіт қызметкерлерін арнайы алғыс хатпен марапаттады.
Жылдың қорытынды отырысы ұйымдастырылып, мешіт ұжымының құрметіне арнайы дастархан жайылды. Шара барысында мешіт имамы Алланың берген нығметіне шүкірлішілік танытып, жамағаттың татулығы мен діннің өркендеуі жолында адал еңбек етіп жүрген жандарға алғысын айтты. Қасиетті Құран Кәрімнің «Нахл» сүресінің, 53-аятында: «Сендердегі әрбір нығмет Алладан» деп еске салады.
Осы орайда, ұжымның алдағы қызметіне жаңа шабыт пен жаңа жігер тілеп, батасын берді.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер