ҚМДБ-ның Қарағанды облысына қарасты Теміртау қаласы «Әлихан Бөкейхан» орталық мешітінің жамағаты желтоқсан оқиғасында ел егемендігі жолында қайсарлық танытып, қыршын кеткен құрбандардың рухына Құран бағыштады
Қасиетті жұма күні мешітке жиналған жамағатқа «Әлихан Бөкейхан» мешітінің имамы Бейбіт Бақытжанұлы «Алланы еске алу» тақырыбында уағыз - насихат айтты.
Намаздан кейін Құран оқылып, еліміздің тәуелсіздігін алуға себеп болған желтоқсан құрбандарына құран хатым дұғасы жасалды.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер