Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Саран қалалық мешіті тәуелсіздік күніне орай қос игі шара өткізді
17 желтоқсан, 2022 жыл 173 Басып шығару нұсқасы

  ҚМДБ-ның Қарағанды облысына қарасты Саран қалалық мешітінің имамы Мұқамедқали қажы Салиқовтың ұйымдастыруымен Тәуелсіздік  күнінің  құрметіне құрбан  шалынып, Отан  үшін шейіт  болған боздақтардың рухтарына құран  бағышталды.

Мешіт асханасына арнайы дастархан жайылып, алпысқа жуық жамағатқа ас берілді. Құран оқумен бастау алған шарада мешіт имамы уағыз-насихат айтып, мешіттің құрметті  ақсақалы Сайлаубай қажы батасын берді.  Рухани басқосуға жергілікті ішкі істер бөлімінің басшылары қатысып, дүйім жамағатты мерекемен құттықтап, ізгі лебіздерін білдірді. Тарихи мерекенің құрметіне орай  7 отбасыға азық-түлікпен, киім-кешек үлестірілді.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары