Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Әл-Мәшани мешітіне жаңа имам тағайындалды
16 желтоқсан, 2022 жыл 232 Басып шығару нұсқасы

   ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Мусин Сайлау Жұмағұлұлы Қарағанды қалалық әл-Мәшани мешітінің бас имамы болып тағайындалды.

Қасиетті жұма күні Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы  жаңа имамды жиналған жамағатқа таныстырып, алдағы қызметіне сәттілік тіледі. Бұған дейін Әлихан Бөкейхан ауданы Төлеутай ата мешітінің  бас имамы қызметін екі жыл атқарған Сайлау Жұмағұлұлының қажырлы қызметіне баға беріп, тәжірибелі имамның бұл жұмысты да табысты атқарарына сенім білдірді. 

Сондай-ақ, әл-Мәшани мешітінде бұған дейін бас имам қызметін абыройлы атқарып, жамағаттың бірлігі мен ұйымшылдығына үлкен үлес қосып, дін жолында белсенді қызмет атқарған Жанболат Жұматұрұлының жасаған жұмыстары үшін облыс бас имамы алғысын білдіріп, иығына қазақы қошеметпен шапан жапты.

 

Мусин Сайлау Жұмағұлұлы

1985 жылы 2 ақпанда Қарағанды облысы, бұрынғы Қаражал қаласында дүниеге келген.

Білімі:

- 2003-2005 жж. Мысырдағы әл-Азһар университетінде тәлім алған; 

- 2005-2009 жж. Алматы қаласы Абылай хан атындағы қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің араб тілі факультетін бітірген; 

- 2007-2008 жж. Каир университетінде 1 жылдық грант негізінде білім алған;

- 2013-2016 жж. Түркиядағы Хасеки академиясында білімін шыңдаған;

 

Жұмыс тәжірибесі: 

- 2009 ж. Кәусар мектеп-интернатында араб тілінің ұстазы;

- 2009-2012 жж. Қазіргі қалалық әл-Мәшани мешітінде араб тілі ұстазы;

- 2012-2013 жж. Астана медресе-колледжінде ұстаз;

- 2016-2017 жж. Қарағанды облыстық Әнет баба мешітінде ұстаз;

- 2017 жылдан бастап Олжас Есенұлы атындағы діни сауат ашу қайырымдылық мекемесінің директоры қызметін атқарып келеді; 

- 2020 жылдан бастап бүгінге дейін Қарағанды қалалық Төлеутай ата мешітінің бас имамы қызметін атқарды.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары