Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Әнет баба» мешітінде шәкірттерге сертификат табысталды
10 желтоқсан, 2022 жыл 283 Басып шығару нұсқасы

   ҚМДБ-ның Қарағанды облыстық «Әнет баба»  мешітінде «Діни сауат ашу курсының» шәкірттеріне сертификат табыстау рәсімі болып өтті. 

Шара шымылдығын ашқан Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы білім үйренудің маңыздылығына тоқталып, «Тал бесіктен жер бесікке дейін ілім ізде» деген Пайғамбар (с.ғ.с.) өсиетіне сай асыл уақыттарын білімге арнаған шәкірттер қауымына алғысын білдіріп, жылы лебізін жеткізді.  

Айта кетсек, Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің ұстаздары Юсупбек Шұғайұлы және Махмұд Бекболатұлының жүргізуімен ақида, фиқһ, ақылақ, құран дәрістері бойынша тұрақты түрде жүйелі сабақ өткізілген болатын. Бүгінде бірнеше шәкірт Құранға түсіп, алды бірнеше пара жаттауға кірісіп те кетті.  

Осыған орай, мешіт шәкірттерін жігерлендіру, жамағаттың бірлігін арттыру, имамдар мен шәкірттер арасында тығыз қарым-қатынас орнату мақсатында дәрісті сәтті тамамдағандары үшін мешіт шәкірттеріне сертификаттар мен рухани-танымдық бағыттағы кітаптар табысталды. 

Арнайы сертификатты  Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы  табыстап, «Әнет баба» мешітінде діни сауат ашып жатқан шәкірттерге және білім беру жолында аянбай еңбек етіп жатқан мешіт ұстаздарына өзінің жылы лебізін білдіріп, алдағы қызметтеріне сәттілік тіледі.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары