Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Облыс бас имамы Төлеутай ата мешітінде болды
09 желтоқсан, 2022 жыл 266 Басып шығару нұсқасы

   Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы өкілдікке қарасты Әлихан Бөкейхан ауданындағы Төлеутай ата мешітіне арнайы ат басын бұрып, бақылау-басқару бағыты бойынша тексеріс жұмыстарын жүргізді.

Мешіт қызметкерлерінің қатысуымен жиын өтіп, бірқатар мәселелер талқыға салынды. Облыс бас имамы діни басқарма тарапынан қабылданған құжаттар бойынша талапқа сай қызмет етуді тағы бір қаперге салды.

Қызметтік сапар барысында құлшылық үйінің имамы Сайлау Жұмағұлұлы облыс бас имамына аймақтың діни ахуалынан хабар беріп, мешіттің қызмет барысымен таныстырды. Сондай-ақ, ішкі-сыртқы жұмыстары бақыланып, діни басқарма мен облыс тарапынан келіп жатқан құжаттардың реттілігі тексерілді.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары