Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Облыс бас имамы Қарқаралы ауданының әкімімен жүздесті
01 желтоқсан, 2022 жыл 196 Басып шығару нұсқасы

   Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы бақылау-басқару бағыты бойынша Қарқаралыға барған іс-сапарында аудан әкімі Ерлан Бейсембайұлымен жүздесіп сұхбат құрды.

Жиынға Қарағанды облыстық «Әнет баба» орталық мешітінің қызметкерлері мен аудан имамы Митератбек Құбылайханов және әкімнің орынбасары Дархан Саулеханұлы қатысты.

Басқосуда облыс имамы өңірдегі діни мәселелер төңірегінде бір жағадан бас шығарып, бірлесе қызмет етуге шақырды. Аудан басшысының да өз кезегінде бұл мәселеге бейжай қарамайтындығы көңіл қуантты. Ол Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының игі бастамаларына әкімшілік тарапынан қашанда қолдау білдіретіндігін жеткізіп, аудан орталығында салынып жатқан жаңа мешіттің жобасымен таныстырды. 

Кездесу соңында облыс бас имамы аудан әкіміне Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының басшылығымен «Мүфтият» баспасынан жарыққа шыққан «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабын сыйға тартты.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары