Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Облыс бас имамы Қарқаралыда колледж студенттерімен кездесті
30 қараша, 2022 жыл 188 Басып шығару нұсқасы

  Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы Қарқаралы ауданына барған сапарында Мыңжасар Әдекенов атындағы ауылшаруашылық колледжінің студенттерімен кездесті.

Білім жолында жүрген жергілікті жастармен еркін сұхбат түрінде өткен жүздесуге облыстық «Әнет баба» мешітінің қызметкерлері мен аудан имамы Митератбек Құбылайханов және оқу орнының басшылығы мен ұстаздары қатысты.

Өскелең буын арасында жат ағымның алдын алу мақсатын көздеген отырыста облыс имамы дәстүрлі дініміздің негіздері туралы жан-жақты мәлімет беріп өтті. Жастарды білім алу арқылы өз кәсібінің шебері атанып, еліміздің дамуына үлес қосуға шақырды. Студенттер де өздерін қызықтырған сұрақтарына тұщымды жауап алып, шариғат туралы ой өрістерін біршама кеңейтті. 

Оқу орнының басшылығы арнайы атбасын бұрып, жастармен келелі кездесуге келген облыс имамына өз ризашылықтарын айтып, бұдан кейін де пайдалы жиындардың жалғасын табуына ниет білдірді.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары