«Байлық, байлық емес, бірлік байлық»,-дейді қазақта. ҚМДБ-ның Қарағанды облысына қарасты Балқаш қалалық мешітінде «Бірлігі жарасқан жамағат» тақырыбы аясында рухани кеш болып өтті.Құптан намазына жиналған жамағатқа Балқаш қалалық мешітінің имамы Қалдарбеков Нұрболат Сейлханұлы арнайы қатысып, «Ислам- ынтымақ пен бірлік діні» тақырыбында ауқымды уағыз- насихат айтты. Имамның тұщымды уағызынан кейін жамағат көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, осындай игі бастаманы ұйымдастырған мешіт ұжымына ризашылықтарын білдірді.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер