Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Облыс бас имамы Осакаров ауданындағы мешіт құрылысымен танысты
28 қараша, 2022 жыл 457 Басып шығару нұсқасы

   Осакаров ауданына арнайы іс-сапармен барған Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы жергілікті өңірде салынып жатқан жаңа мешіттің құрылысымен танысты. Болашақ құлшылық үйіне жасалған кішігірім экскурсияға аудан әкімі Руслан Есенбекұлы, имамдар, әкімшіліктің қызметкерлері мен құрылысқа атсалысып жүрген басқа да жандар қатысты.

Аудан имамы Жоламан Әбілханұлы салынып жатқан мешіттің құрылысымен таныстырып, әлі де жетіспей тұрған және шешімі табылуы қажет болған күн тәртібіндегі мәселелерді атап өтті. Облыс бас имамы аудан басшысына осы мәселеде қол ұшын беруді сұрап, сауапты іске бірлесе ат салысуға шақырды.

Айта кетсек, мешіт салу – барша пайғамбарлар шұғылданған және сауабы мен қадірі жоғары амал. Алла үйін салған адамдарға қатысты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өз хадисінде: «Кім жер бетінде Алланың үйін салуға ат салысса, Алла Тағала ол кісіге жұмақтан орын дайындайды», деген.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары