Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы бақылау-басқару бағыты бойынша өкілдікке қарасты Осакаров ауданына арнайы іс-сапармен барды. Жергілікті имамдармен кездесіп, діни және рухани мәселелер төңірегінде сұхбат құрды.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен негізгі жеті бағыт бойынша белгіленген тапсырмаларды уақтылы орындауды тапсырып, дін қызметкерлеріне белгілі міндеттер жүктеді.
Аудан имамы Жоламан Әбілханұлы өңірдің қазіргі діни ахуалымен таныстырып, жергілікті құлшылық үйлері мен қызметкерлер туралы мәлімет беріп өтті. Отырыс соңында ақсақал имамдар батасын беріп, қызметке жаңадан кірісіп жатқан облыс бас имамының жұмыстарына сәттілік тіледі.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер