Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Балқаш мешітінде 50 мұқтаж отбасыға азық-түлік үлестірілді
19 қараша, 2022 жыл 205 Басып шығару нұсқасы

   Балқаш қалалық мешітінің ұйымдастыруымен әлеуметтік жағдайы төмен 50 отбасыға көмек көрсетіліп, күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік өнімдері салынған арнайы қоржындар үлестірілді. Оған Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы және Балқаш қалалық мешітінің имамы Нұрболат Сейілханұлы бастаған ұжым белсене атсалысты. 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жұмысының негізгі бағыттарының бірі – бұл қайырымдылық. Халқымыз «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің», дейді. Сол себепті әдеттегі үрдіс бойынша қоғам мен халықтың игілігі үшін «садақа жария» жасалып отыр. 

Шара барысында облыс бас имамы келушілерге жылы лебізін білдіріп,  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасына сәйкес өңір-өңірлерде имамдар тарапынан рухани һәм материалдық көмек мүмкіндігінше көрсетіліп келе жатқанын және бұдан кейін де аталмыш игі дәстүр жалғасын табатынан жеткізді.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары