Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

АҚТАУ КЕНТІНДЕ ДІНИ АХУАЛ ТҰРАҚТЫ
14 қараша, 2022 жыл 207 Басып шығару нұсқасы

   ҚМДБ-ның Қарағанды облысына қарасты Теміртау орталық «Әлихан Бөкейхан» мешітінің  имамы Бейбіт Бақытжанұлы қызметтік сапар бойынша аймаққа қарасты Ақтау кентіне барды.

Қызметтік бақылау-басқару сапары барысында Бейбіт Бақытжанұлы аймақтың діни ахуалынан хабар алып, мешіттің тыныс-тіршілігімен танысты. Сонымен қатар, «Көшпелі уағыз-насихат» жобасы бойынша ауылдық мешітте жұма намазын өткізіп, уағыз-насихат айтты.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан қабылданған он құжаттың бағыт-бағдарын  басшылыққа ала отырып, уағыз-насихат жұмыстарын одан әрі жандандыру мәселелері қаралды. 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары