Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Теміртауда ақида пәнінен дәріс өтуде
11 қараша, 2022 жыл 160 Басып шығару нұсқасы

  Ақида мәселесі мешітке келуші жамағаттың арасында талқыланып жүрген басты тақырыптардың бірі. Исламдағы ең күрделі, әрі нәзік сала Ақида мәселесін түсіндіріп, жамағаттың білімі мен біліктілігін артыру мақсатында Қарағанды облысына қарасты Теміртау орталық «Әлихан Бөкейхан» мешітінде ақида пәні бойынша дәріс басталды.

Арнайы дәрісті мешіт имамы Бейбіт Бақытжанұлы жүргізіп, «Имам Әбу Жағфар Ат-Тахауи»  ақида кітабы бойынша  дәріс беруде.

Сонымен қатар, жамағаттың тарапынан туындаған сауалдарға жауап берілуде.

Айта кетейік, ақида дәрісі әр сейсенбі күні құптан намазынан кейін өтеді.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары