ҚМДБ - ның Қарағанды облысы бойынша “Зекет және қайырымдылық” қорының жауапты өкілі Мирас Эрланұлы қараша айында келіп түскен алғашқы малдың зекетін қабылдады.
Алла Тағала Қасиетті Құранның көптеген аяттарына зекетті намаз құлшылғымен бірге бұйырған. Бұл да біздерге зекеттің қаншалықты маңызды амал екенін көрсетуде. Мысалы, қасиетті Құранның «Бақара» сүресі, 43-ші аятында:
«Намазды толық орындаңдар және зекетті беріңдер», –деп айтылған.
Зекет беру арқылы адам баласы Алла Тағаланың бұйырған парыз амалын орындайды әрі ақыреттік мол сауапқа кенеледі. Алла Тағала қасиетті Құранның «Бақара» сүресінде:
«Алла жолында мал сарп қылғандардың мысалы – жеті бірдей масақ шығарған, әр масағында жүз дәні бар дәнек тәрізді. Әрі Алла кімге қаласа, неше есе арттыра береді. Алла тым кең, әр нәрсені білуші» – деп садақаның сауабы жайында мысал берген.
Пікірлер