Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«ӘНЕТ БАБА» МЕШІТІНДЕ 40 ШӘКІРТ ҚҰРАНҒА ТҮСТІ
03 қараша, 2022 жыл 155 Басып шығару нұсқасы

Ардақты пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Көкірегінде Құраннан ешнәрсе болмаған адам, қирап қалған үй тәрізді», – деп айтқан.

Осыған орай, Құран Кәрімнің қадір-қасиетін ұғындыру, оны жаттаудың маңыздылығын насихаттау негізінде ҚМДБ-ның Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде  жүйелі түрде Құран сабақтары өтуде. Мешіт ұстазы Юсупбек Шұғайұлының жүргізуімен бүгінде 40 шәкірт арабша әліпби үйреніп, Құранға түсті.

Айта кетейік, шәкірттердің ішінде ең үлкені – 74 жаста болса, ең кішісі – 8 жастағы бүлдіршін. Бүгінде қасиетті Құран кәрім дәрістері бойынша сабақ алып жатқан шәкірттердің жалпы саны алпыстан астам. Алла үйінен Құран ілімдері бойынша сауат ашуға келген шәкірттерге мешіт ұстазы Юсупбек Шұғайұлы мұнымен қоса ақида, фиқһ, ақылақ пәндері бойынша да кешкі дәрістер жүргізу үстінде.

 

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары