Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Діни оңалту» бөлімінің төрт күндік семинары өтті
31 қазан, 2022 жыл 122 Басып шығару нұсқасы

Елордасы Астана қаласында ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен «Діни оңалту» бөлімі мен Нұр-Мүбарак университеті жанындағы «Діни экстремизімге қарсы іс-қимыл» академиясының ұйымдастыруымен «Діни оңалту жұмыстарын жүргізудің тиімді тәсілдері» атты төрт күндік семинар болып өтті. 

«Діни оңалту» бөлімінің  барлық өкілдіктегі жұмысын одан әрі жандандырып, тың жобаларды жүзеге асыру мақсатында өткен семинарға аталмыш бөлімнің Қарағанды облысы бойынша жауапты өкілі Джаримбетов Мұхит арнайы қатысып, біліктілігін арттырғаны үшін  сертификат иеленді. 

Іс-шараға ҚМДБ діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Хасан Аманқұл, Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл академиясының директоры Тимур Нүсіпханұлы, бірнеше бөлім басшылары мен білікті мамандар және әр облыстан келген жауапты өкілдер қатысты. 

 

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары