Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

АБАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРАН ДӘРІСІ ЖАЛҒАСЫП КЕЛЕДІ
27 қазан, 2022 жыл 187 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ-ның Қарағанды облысына қарасты Абай аудандық орталық мешітінде әйелдер жамағатыҚұраннан сауат ашып, дәрістерге тұрақты діни сауат ашу дәрістері жүргізіліп келеді.

Дәрісті Абай аудандық орталық мешітінің ұстазы Ақбота Қайратқызы жүргізіп, Алланың қасиетті кәләмін танимын деп ниет еткен әрбір шәкіртке асыл дініміздің құндылықтарынан бастап дәріс беруде. Әртүрлі жастағы шәкірттер бастаушы және жалғастырушы топтарға бөлініп, Құран, Құран әліппесі, фиқһ, ақида, әдеп, ислам тарихы, тажуид сынды пәндер бойынша дәріс алуда.

Дәрістер  әр сейсенбі, бейсенбі,  жұма күндері таңертеңгі уақыттарда өтеді. Айта кетейік, сабақтарға студенттер, қыз-келіншектер, әжелер де қатысуда.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары