Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

БАЛҚАШ МӘУЛІТ МЕРЕКЕСІН ҰЛЫҚТАДЫ
22 қазан, 2022 жыл 128 Басып шығару нұсқасы

 

Мүбарак Мәуліт айы келгелі бері еліміздің түкпір- түкпірінде пайғамбарымыз с.ғ.с туған күні мәуліт айына салауаттар мен сәлем бағышталып жатқаны белгілі.

Пайғамбарымыздың өмір тарихы, өнегеге толы іс-әрекеттері мен өрелі хадистері айтылып, жастар мен жамағат арасында келелі кездесулер өтуде.

Осында игі шара Балқаш қалалық мешітінде жалғасып, мәуліт құрметіне ақ дастархан жайылды. Қадірлі астың құрметті қонағы болған мешітіміздің наиб имамы Айтқазин Рауан жиналған жамағатқа пайғамбарымыздың с.ғ.с ның өмірі мен өнегесін,  інжу-маржандай төгілген хадис-шарифтерінен  тұщымды насихаттар айтып, жастардың пайғамбарымызға с.ғ.с деген махаббатын оятып, жайлған ақ дастарханның сәнін кіргізді.

Соңында пайғамбарымызға (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсынсалауаттар жолдады.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары