Теміртауда рухани келісім күніне орай Бірінші президент мұражайында «Рухани келісім – татулық негізі» тақырыбында конференция өтті.
Аталған Конференцияға Теміртау қаласының әкімдігі, әртүрлі дін өкілдері, қоғам қайраткерлері, зиялы қауымдар қатысты.
Алқалы жиынға ҚМДБ-ның Қарағанды облысына қарасты Теміртау қаласы «Әлихан Бөкейхан» атындағы орталық мешіттің имамы Бейбіт Бақытжанұлы арнайы қатысып, уағыз-насихат айтты.
Конференция барысында қоғамды ұлты мен дініне қарамастан біріктіруге, тұрақтылық пен келісімді сақтауға және одан әрі дамытуға бағытталған шара қатысушылары ұтымды пікірлері мен орамды ойларын ортаға салды.
Пікірлер