ҚМДБ-ның Қарағанды облысына қарасты Абай аудандық орталық мешітінің жанынан жаңа дәретхана ғимараты бой көтеріп келеді. Аймақ имамы Асхат Қанайұлының ұйымдастыруымен мешіт аумағының заңды жерінен құрылыс жұмыстарының қыза басталғанына бүгінде 3 айдай уақыт болды. Күні бүгінде жұмысшылары жалданып, шеберлері сайланып жасалынып жатқан құрылыстың негізгі жұмысы бойынша тасы қаланып, қабырғалары бой көтеріп, шатыры қойылып үлгерген.
«Бұл қарқынды жұмыстың аудан тұрғындары үшін маңызы ерекше. «Оң қолым бергенді сол қолым көрмесін» деген иманды ата ұрпағымыз. Иманымызды сауапты істен жиғымыз келсе, ең азы осы дініміз үшін жасалынып жатқан жақсы іске қолұшымызды берейік, жамағат! Сіздің берген бір мың теңгеңіз шеге алуға жетсе, ол үшін де мейірімі күшті Алла сізді шапағатқа бөлейтіні сөзсіз»,-деді аудан имамы Қанай Асхат өз сөзінде.
Пікірлер