Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Конфессияаралық бірлік – рухани келісім негізі
13 қазан, 2022 жыл 177 Басып шығару нұсқасы

Қарағанды қаласында 18 қазан - Рухани келісім күніне орай «Конфессияаралық бірлік – рухани келісім негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Қарағанды облысының дін істері басқармасы ұйымдастырған жиында шара шымылдығын ашқан облыс әкімінің орынбасары Әліқұлов Ербол Шымкентбайұлы келген қонақтар мен түрлі діни және этномәдени бірлестіктерге әкімнің сәлемін жеткізіп, алда келе жатқан мерекемен құттықтады.

Сондай-ақ, жуырда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қарағанды облысы бойынша бас имамы қызметіне тағайындалған Естай Айтуғанұлын көпшілікке таныстыра отырып, сөз кезегін ұсынды.

«Алда келе жатқан Рухани келісім күні мерекесімен баршаңызды құттықтаймын. Ислам – бұл тыныштық пен бейбітшіліктің діні. Ата дініміз адамдардың ымыра мен бірлікте өмір сүргенін қалайды. Бұл еліміздің өркендеуі үшін де өте маңызды. Сол себепті бүгінгі шараға мұрындық болып отырған дін істері басқармасына сондай-ақ, облыс әкімінің орынбасары Ербол Шымкентбайұлы мырзаға алғыс айтқым келеді. Қоғамдағы тұрақтылық пен өзара ауызбіршілікті үнемі насихаттап келесіздер», деді облыс бас имамы Естай Әбдіғали.

Сондай-ақ, Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінің имамы Ысқақ Рахымбекұлы мен Бұқар жырау ауданы, Үштөбе ауылдық «Қажыбай қажы» мешітінің имамы Жандос Әшімұлы жат ағымға қарсы жүргізілген уағыз-насихат жұмыстарында белсенділік танытқаны үшін облыс әкімі орынбасарының қолынан арнайы алғыс хат пен сыйақы ретінде 50 000 теңгелік сертификат алды.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары