Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Хоспис» қарттар үйіне қайырымдылық жасалды (фото)
13 қазан, 2022 жыл 373 Басып шығару нұсқасы

Рухани келісім күніне орай ҚМДБ-ның «Зекет және қайырымдылық» қорының Қарағанды облысы бойынша жауапты өкілі Касимов Мирас Эрланұлы қаладағы "Хоспис" қарттар үйін зиярат етті.

 Қарағанды облыстық "Әнет баба" мешіті "Хоспис" қарттар үйіндегі науқас жандарға қайырымдылық жасап,  зиярат етуді жылдағы үрдіске айналдырған. Биыл да «Зекет және қайырымдылық» қорының өкілі аталмыш мекемеге ат басын бұрып,   мұндағы ем алушы қарияларға азық-түлік пен керек жарақ заттарды үлестірді.

Ондағы қарттар облыстық мешіт тарапынан үнемі көмек жасалатындығын айтып, бұл жолы да ризашылық білдірді.

«Панасыз, әрі ауру-сырқау қарияларға жәрдем беру аса сауапты іс. Оларға үнемі қамқорлық жасап тұрамыз. Бұл шара бұдан ары да жалғаса беретін болады», - дейді Зекет қорының  жауапты өкілі Мирас Эрланұлы.

«Хоспис» басшылығы қайырымдылық шарасы үшін алғыс білдірді.

 

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары