Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«БАЙМАГИЛА» ЗИРАТЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
10 қазан, 2022 жыл 156 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ-ның тапсырмасына сай Қарағанды облысына қарасты  Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінің имамы Әсет Наурызбайұлының бастамасымен «Баймагила» зиратына тазалық жұмыстары жүргізілді. Игі шараға мешіт жамағаты, аймақ тұрғындары және ақсақалдары белсене  қатысып, зират алаңын қураған шөптен, құрылыс қалдықтарынан, басқада түрлі қоқыстан тазалады.

Пайғамбарымыз (с.а.у): «Қабірге зиарат етудің екі пайдасы бар. Біреуі өткен адамға жеңілдік болады десе, екіншісі біздерге өлімді еске салады»,-  деген.

Зират басын тазалағаннан кейін, аймақ имамы Ибраев Әсет Наурызбайұлы  дүниеден өткен ата-бабаларымызға, апа-әжелерімізге Құран бағыштап, дұға жасады.

ҚМДБ-ның Қарағанды  облысы бойынша  баспасөз қызметі
 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары