Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«QAMQOR-SHARAPAT» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ СЕМИНАРЫ ӨТТІ (ФОТО)
29 қыркүйек, 2022 жыл 87 Басып шығару нұсқасы

Елордадағы Республикалық бас мешітте «QAMQOR-SHARAPAT» салттық қызмет көрсету орталығының алғашқы семинары өтті.

Семинарға ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Сансызбай қажы Шоқан, Оңалту бөлімінің меңгерушісі Хасан Аманқұл, «Уақып» қорының президенті Ардақ Оразбаев, орталықтың өңірлердегі филиалдарының директорлары қатысты.

 

 

Басқосу барысында орталықтың тыныс-тіршілігі, өңірлердегі филиалдардың жұмысы талқыға салынып, алдағы жоспарлары ұсынылды. Жиын соңында Бас мешіттің төменгі қабатында орналасқан орталықтың қызмет көрсету орны іске қосылды.

 

 

Айта кетейік, «QAMQOR-SHARAPAT» салттық қызмет көрсету орталығы ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен зират тұрғызуда ысырап пен бәсекеге жол бермей, жалпыға ортақ жерлеу мәдениетін қалыптастыру мақсатында құрылған болатын.

 

 

Семинардан соң, әр өңірден келген аталмыш бөлімнің жауапты мамандары бас мешітте орналасқан мәйітхананың ашылуына қатысты. Одан кейін, Елордада ашылған жаңа мешітті зиярат етіп, «QAMQOR-SHARAPAT» салттық қызмет көрсету орталығының атынан зәулім мешітке естелік ретінде сыйлық тарту етті.

 

 

 

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары