ҚМДБ-ның Қарағанды облысына қарасты Бұқар Жырау ауданының имамы Акошев Рүстем Мұратұлы бақылау-басқару бойынша ауданға қарасты бірнеше аймаққа ат басын бұрып, мешіттердің діни ахуалынан хабар алды.
Атап айтқанда, Қызылжар ауылы, Ақтөбе ауылы, Ростовка ауылдық «Балкен ана» мешіті, Молодецки ауылдық мешіттерін аралады. Аймақтың әкімдерімен арнайы кездесу ұйымдастырылды. Сонымен қатар, мешіттердің ішкі-сыртқы жұмыстары, дін қызметкерлерінің ахуалы мен қысқы дайындық жұмыстары пысықталды. Ауыл жамағатымен жүздесті.
Пікірлер