Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Теміртау әкімі қала мешіттерін аралады
22 қыркүйек, 2022 жыл 176 Басып шығару нұсқасы

Жуырда Теміртау қаласының әкімі болып тағайындалған Ораз Тәуірбеков қала мешіттерін аралады. Реконструкция жұмыстары жүріп жатқан отыз жылдық тарихы бар ескі қалалық мешіттің құрылыс барысымен танысып, құлшылық үйінің ішкі және сыртқы жобаларына шолу жасады.
 
Теміртау қаласының бас имамы Естай Айтуғанұлы жаңару кезеңінде тұрған ғибадат үйінің жай-күйін баяндап, ірі көлемде атқарылып жатқан шараларды тілге тиек етті.
 
Қала әкімі бастаған ұжым әрі қарай Әлихан Бөкейхан мешітіне де ат басын бұрды. Алла үйін арнайы зиярат етіп, бабалар рухына Құран бағыштады. Мешіт іргесіндегі асхана, наиб имамдар бөлмесі, «Нақыл медиа» студиясын аралап, соңғы жылдары орын алып жатқан оң өзгерістерге куә болды.
 
Сондай-ақ, әкім мырза мекеме тарапынан мешіт жұмыстарына байланысты шешімін таппай жүрген күрделі мәселелер төңірегінде қолдау білдіруге дайын екенін жеткізді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары