Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«ҚАЗЫБЕК БИ» МЕШІТІНДЕ ЖАҢА МӘЙІТХАНА АШЫЛДЫ (ФОТО)
21 қыркүйек, 2022 жыл 59 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ-ның Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінің жанынан жаңа мәйітхана ашылды.  Жаназа және жерлеу рәсімдерін бір ізділікке түсіру мақсатында ашылған салттық діни рәсімдер орындалатын ғимарат барлық талаптарға сай жабдықталған.

Шараның ашылу рәсімінде Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы, «Қамқор-Шарапат» ЖШС-ның  Қарағанды облысы бойынша жауапты өкілі Бақдәулет Қыдырбайұлы және дін қызметкерлері қатысты.  

«Қазыбек би» мешіті жанынан ашылған мәйітхана «Қамқор-Шарапат» салттық қызмет көрсету орталығының Қарағанды облысы бойынша филиалына толық өтіп, барлық жөн-жоралғы ережелер мен талаптарға сай өткізілмек.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары