Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

ҚАРАҒАНДЫ: «ДАРХАН ДАЛА» ЖОБАСЫН НАСИХАТТАДЫ (ФОТО)
20 қыркүйек, 2022 жыл 274 Басып шығару нұсқасы

Қарағанды облысының имамдары ҚМДБ-ның «Дархан дала» жобасы аясында өңірдің бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының бастамасымен  «Жалаңтөс батыр» мазарын зиярат етіп, бабалар рухына құран бағыштады.

Шараға Қарағанды облысының бас имамы және «Дархан дала» жобасының Қарағанды облысы бойынша жауапты маманы Нұржігіт Оразалыұлы бастаған   дін қызметкерлері  қатысты.

Айта кетсек, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен отандық туризмді дамытуға үлес қосу мақсатында «Дархан дала» жобасы іске қосылған болатын. Жоба мақсаты – халық арасында дін мен дәстүрімізге сай киелі орындарды зиярат ету мәдениетін қалыптастыру, жұртшылыққа шариғат әдебін сақтауды үйрету, тарихи, киелі орындарға тур ұйымдастыру.

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары