Теміртау мешіттерінің әйел жамағаты арасында Алла Елшісіне (ﷺ) салауат айтудан жарыс өтті.
Осыдан біраз уақыт бұрын ұстаздардың ұйымдастыруымен қала мешіттерінде әйелдер жамағаты арасында Пайғамбарымызға (ﷺ) салауат айтудан сайыс жарияланған болатын. Осыған орай қатысушылар арасында қорытындылау жиыны өтіп, жақсылықта жарысқан жандарға арнайы әзірленген сый-сияпаттар табыс етілді.
Айта кетсек, аталмыш сайыс барысында екі дүние сардарына 1 758 806 рет салауат айтылды.
Алла Тағала Құран Кәрімде: «Расында Алла және Оның періштелері пайғамбарға салауат айтады. Уа, иман келтірген мүміндер! Сендер де оған салауат айтып, толық мойынсұнушылықпен салауат, сәлем жолдаңдар» («Ахзаб» сүресі, 56-аят) деп, Пайғамбарға (ﷺ) салауат айтуға бұйыруында үлкен мән жатыр. Осы бір аятқа амал еткен түрде аталмыш сауапқа толы сайыс мешіт имамдары мен ұстаздарының ұйытқы болуымен әлі де өз жалғасын таппақ.
Пікірлер