Қаламыздағы «Қарқаралы и К» ЖШС-ның «Қарқаралы», «Сарыбел», бидай ұн өндірісінің - «ҚМДБ халал» сертификаты жаңартылды. Арнайы жүргізілген бақылау-қадағалау шаралары барысында, «Халал Даму» ЖШС-ның жауапты мамандары тексеріс жұмыстарын жүргізіп, кәсіпорынның қызмет барысы мен өндіріс жұмыстарын толық қадағалап, өнімдерін сараптамадан өткізді. «ҚМДБ халал» таңбасымен шығарылатын «Қарқаралы, «Сарыбел» наубайханалық ұндарын дүкен сөрелерінен таба аласыздар. Мекен-жайы:Қарағанды қаласы, Осакаровка ауданы, Сұңқар ауылы, «Киров көшесі»55
Пікірлер