Қасиетті жұма күні Қарағанды облысына қарасты Шет ауданы «Жанқұтты би» мешітіне жаңа имам тағайындалды. Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Қоныскерей Хумар жиналған жамағатқа Бас мүфтидің бұйрығына сәйкес Маханбетчин Берік Алпысбайұлын «Жанқұтты би» мешітіне имам етіп тағайындады. Жиналған жамағатқа жаңа имамды таныстырып, асыл дінімізді насихаттауда аянбай қызмет етуін тапсырды.
Пікірлер