Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

ҚАРҚАРАЛЫДА ДІНИ АХУАЛ ТҰРАҚТЫ
15 қыркүйек, 2022 жыл 189 Басып шығару нұсқасы

Дін халқымыздың басты құндылығы және ел дәулетінің алтын діңгегі.  Бүгінде облысымыздың әр түкпіріндегі мешіттер  асыл дініміздің өркендеп, ел іргесінде кеңінен құлаш жайып өркендеуі үшін өзіндің үлесін қосу үстінде. Осы ел игілігі үшын қызмет етіп жатқан мешіттердің тыныс-тіршілігіне бақылау жұмыстарын жүргізу мақсатында, ҚМДБ-ның Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Хумар Қоныскерей Қарқаралы аудандық «Құнанбай қажы» мешітіне ат басын бұрды.

Келелі кездесу барысында ҚМДБ-ның тарапынан қабылданған жеті құжат талқыланды. Аудан  имамы Митератбек Құбылайханов аталмыш мешіттің тыныс-тіршілігімен, кіріс-шығыс   құжаттарымен таныстырып, аймақтың діни ахуалынан  хабар берді. Сонымен қатар, ауданға қарасты ауыл мешіттерінің қызмет барысымен таныстырды. Қазіргі уақытта аудандық мешітте отызға жуық шәкірттер білім алуда. Облыс тарапынан жүктелген тапсырмаларды талапқа сай атқарып келе жатқан Қарқаралы ауданының мешіті бүгінгі таңда қысқы дайындық жұмыстарын бастап кетті.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары